БАЛА КЕЗІНЕН ТҰЛҒАНЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАМАУ РУХЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ МАҢЫЗДЫ
Білім мекемелерінің тәрбие беру жоспарларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарды қосуды талқылау мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері Қызылорда қаласының жоғары оқу орындарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали, бөлім басшысы А.Батырбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу ісіндегі оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректоры А.Жүнісов, оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Б.Досжанов, оқу үдерісін жоспарлау және академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы С.Тайман, «Болашақ» университетінің ректоры Ғ.Кәленов, «Ақмешіт» гуманитарлық техникалық университетінің бөлім меңгерушісі А.Адамбаева қатысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақты тәрбиелеу маңызды фактор болып табылады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.»- деп атап өтті М.Оразали.
Кездесу барысында жоғары оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері» модельді пәнін элективті пәндер каталогына қосу; білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздеріне» сәйкес, білім мекемелерінің тәрбие беру жоспарларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарды қосу; жоғары оқу орындарының дипломдық жұмыстары және магистрлік диссертацияларының тақырыптарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы тақырыптарды қосу, сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттандыру және оған деген мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспарын бекіту талқыланды.
Жоғары оқу орындарының өкілдері аталған әдістерді қолдайтындығын және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттандырудағы тиімді іс-шара болатындығына сенімді екендігін атап өтті.