ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА МЫСЫРЛЫҚ ТЕОЛОГТАР КЕЛДІ
«Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінде тәлім беруші мысырлық теологтар, PhD докторлары Ахмад әл-Әмір Мұхамед Жәхин Исмаил мен Имад Мұхамед әл-Бәрғи Мұхамед Зағлул, және аталмыш оқу орнының аппарат жетекшісі Болатбек Әбуов бүгін «Сыр медиа» жанындағы облыстық коммуникация орталығында жергілікті БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
Сыр еліне Қызылорда облысы әкімдігі мен «Нұр-Мүбәрәк» университетінің арасындағы конфессияаралық қатынастар және өзара ынтымақтастықты арттыру жөніндегі меморандум аясында арнайы келген қонақтар сапарларын аймақтың батыс аудандарынан бастады. Сапар барысында дін қызметкерлері Арал, Қармақшы, Төретам кенттерінде болып, діни ортамен жүздесті. 17 тамыздан бері жер-жердегі мешіт қызметкерлерімен кездескен шетелдік теологтар облыстағы діни ахуалды қанағаттанарлыққа бағалап отыр. Дегенмен, шет аудандарда біліктілікті арттыруға бағытталған дәрістер жиі өткізіліп тұрғанын жөн санайды.
«Бір қуантатыны, біз барған аудандарда алдымыздан «Нұр-Мүбәрәк» университетінің түлектері, шәкірттеріміз қарсы алып жатты. Алланың разылығы үшін қоғамға қызмет қылып жатқандарына риза болдық», - деді өз сөзінде Ахмад әл-Әмір Мұхамед Жәхин Исмаил.
Облысымызға келген сапардың басты міндеті мешіт жамағаттарының діни сауаттылығын арттыру болғандықтан дінтанушы ғалымдар бүгінгі жұма намаздың алдында қаладағы «Айтбай» мешітінде жамағатпен кездеспек.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА