100 НАҚТЫ ҚАДАМ-БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
20 тамызда Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасы – кәсіби мемлекеттік аппаратты құруды түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Департаменттің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаев, Қызылорда қаласының әкімінің орынбасары А.Қайруллаев, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Р.Досмаханов және Қызылорда қаласының бизнес өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Б.Байхожаев өткізіліп жатқан институционалдық реформалар әкімшілік кедергілер оңайлату жағынан қолайлы инвестициялық бизнес-ахуалын орнатуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді арттыруға бағытталғандығын, сондай-ақ бірінші институционалдық реформаның 11-ші қадамына сәйкес шетелдік менеджерлерді, жекеменшік сектордың жекелеген мамандарын, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар және лауазымдардың жеке кестесі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйе ететіндігін атап өтті.
Өз кезегінде кездесуге қатысушылар Ұлт жоспарында айтылған кәсіби мемлекеттік аппарат, оның бизнес пен халыққа көрсетуі тиіс сапалы қызметі кәсіпкерліктің қарқынды дамуына берік іргетас болады. Біз мемлекеттік аппараттың ел халқы мен кәсіпкерлеріне көрсететін қызметін сапалы әрі тиянақты жасағанын қолдайтындығын айтты.