ҚЫЗЫЛЖАРМАЛЫҚТАРДЫҢ ҚАРЫЗЫ 72 МИЛЛИОН
Қала іргесінде отырған қызылжармалықтар тас қараңғыда отыруға бейіл. Тек әйтеуір пайдаланған электр қуатына төлемесе болғаны. Осындай кері пиғылдарының салдарынан бүкіл ауыл энергосервис мекемесін 72 миллион теңге шығынға ұшыратып отыр, деп хабарлады «Қоғам тв» телеарнасының сайты.
Шындап келгенде Қызылжарма ауылының әрбір екінші үйін электр қуатынан ажыратуға болады. Себебі олар өздерінің игілігі үшін пайдаланған электр қуаты үшін төлемей отыр. 22 миллион ақшаны мойындарына мінгізгендер екі-үш жылдың көлемінде қалталарынан соқыр тиын шығармағандар. 18 мың тұтынушысы бар ауылдық округтен өз ар-ождандарына жүгініп, жаққан жарықтары, пайдаланған ток көзі үшін төлем төлеп отырғандар саусақпен санарлықтай. Қалғандарының электр желілерін үзіп тастаса да олар қайта жалғап алуға, көршілері арқылы қосып алуға, тіпті жоғарғы кернеулі электр қуаты өтіп жатқан жалаңаш сымға қармақ тастау әдісімен жалғануға маманданып та алған.
Кейбір тұрғындар коммуналдық қызметтерге ақша төлемей-ақ күн көруге болады дегенді саналарына мықтап сіңіріп алған. Әрине ауылдықтардың арасында тұрмысы төмен отбасылар да бар. Алайда жағдайы жақсы. Төлеу қабілеті барлар да селт етер емес. Энергосервистіктер амал жоқ, оларды желіден тағы да ажыратады.