БАЛАНЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА!
2015 жылдың 20 тамыз-10 қыркүйек аралығында автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау мақсатында кең көлеміді «Абайлаңыз - балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Аталған іс-шараға Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылып, жергілікті атқарушы органдары, білім, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерімен тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Профилактикалық шара аясында жаңа оқу жылының басталуына арналған жалпы мектептік жиындарын, қауіпсіз жол қозғалысы сабақтарын, «Бірінші сыныпқа барғандарды жаяу жүргіншілер қатарына қосу», «Біз жолдардағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» тақырыптық іс-шараларын, сонымен қатар, көлік жүргізушілеріне автомобиль салонында балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздігін белдігін және балаларды ұстап тұратын құрылғыларды қолдану қажеттігін түсіндіру мақсатында «Сіздің жолаушыңыз – бала!» атты профилактикалық акциясын өткізу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, білім беру органдарымен, жол қозғалысының жас инспекторы жасақтарымен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөлік құралдары жүргізушілеріне жадынамалар, жол тақырыбына жазылған балалар шығармалары таратылып, насихаттық акциялары ұйымдастырылатын болады.
Аталған іс-шара қыркүйек айының 20-на дейін жалғасатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі