ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕКТЕПТЕРI ЖАҢАРҒАН МАЗМҰНДАҒЫ БIЛIМГЕ 2020 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ АУЫСЫП БIТЕДI
2020 жылға қарай Қазақстандағы орта мектептердiң барлығы жаңарған мазмұндағы бiлiм беру жүйесiне ауысып бiтедi. Бұл туралы кеше Астана педагогтарының тамыз конференциясы барысында Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов мәлiм еттi.
«Құрметтi ұстаздар, әрiптестер, бiз үшiн әр жаңа оқу жылының басталуы - үлкен мереке. Алдымыздағы оқу жылында жаңарған мазмұнындағы бiлiм беру жүйесiне көшудi бастаймыз. Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасында берген тапсырмасына орай, мектеп жүйесiн кезең-кезеңiмен жаңарған мазмұнға көшiру мәселесi пысықталды», дей келе министр елiмiздегi мектептер кезеңiмен жаңа стандартқа ауыса бастайтынын айтты.
«Биыл жаңа стандартты iлкi жоба ретiнде 30 мектепте апробациядан өткiземiз. Келесi жылы республикадағы мектептердiң бiрiншi сынып оқушылары түгелдей жаңарған мазмұнға ауысып бiтедi. Ал, жалпы орта мектептердiң барлығы 2020 жылға қарай жаңарған мазмұндағы бiлiм беру жүйесiне ауысады»,-дедi министр.