ҚЫЗЫЛОРДА БИЛІГІ 250-ДЕН АСА МҮГЕДЕКТІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРМАҚ
Қызылордада биыл мүмкіндігі шектеулі 250-ден астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.
«Облыс орталығында бүгінде 9355 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Оның ішінде 14 пайыздан астамы – еңбекке қабілетті. Биыл 252 мүгедекті тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз, биылғы жылдың 1 тамызында 100 адам жұмысқа орналасты», - дейді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Айдын Қайроллаев.
Қалалық әкімдіктің ақпаратынша, мүгедектерді оңалту аясында Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеті аула клубы жұмыс істейді.
Қалалық әкімдіктің ақпаратынша, мүгедектерді оңалту аясында Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеті аула клубы жұмыс істейді.