МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында брифинг өтті.
Аталған іс-шараға осы соттың мамандары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары, Қызылорда облысы прокуратурасының прокурорлары С.Серімбетов пен Б.Үсенұлы қатысты.
Іс-шара барысында мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тілде іс-құжаттарын жүргізу дәрежесі, қазақ тілінде жүргізілген іс құжаттарының статистикалық мәліметі мен қазіргі таңда көп орын алып жатқан орфографиялық кемшіліктер мен заңды тұлғалардың атауларының қазақ тілі ережелеріне сәйкес келмейтіндігі жөнінде айтылды.
Аталған кемшіліктерді болашақта болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің тілдік біліктілігін жетілдіру үшін «Ресми іскерлік қазақ тілі» бағдарламасын оқыту, әртүрлі сөздіктермен жұмыс жасауға баулу, тілдерді дамыту мен қолданудың және оның мәртебесін көтеру мақсатында кеңестер, семинарлар өткізу жөнінде ұсыныстар келтірілді.
Біздің мақсат мемлекеттік тіліміздің мәртебесін жоғары ұстап, салт-дәстүрлеріміз бен рухани мұраларымызды, тілімізді әлемдік жаһандану заманында жойылып кетпеу үшін атсалысу болып отыр.
Тіл жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың жаны, рухы. Тіл-татулық тірегі. Ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторлары ретінде мемлекеттік тілді дамытуға құрметтеуге баса көңіл бөлу керек.
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі