ЕЛІМІЗДЕ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНДЕР САНЫ 10 МЫҢНАН АСТЫ
Осыдан 20 жыл бұрын қазақстандық репродуктолог мамандар отандық медицинада тыңнан түрен салды. Бала сүюге зар болған ерлі-зайыптыларға зор үміт сыйлап, экстрокорпоралді ұрықтандыруды бастады, деп жазады 24.kz.
Бүгінде елімізде осы тәсілмен дүниеге келген сәбилер саны 10 мыңнан асыпты. Алғашқысының жасы 19-да. Ал осы 20 жылдық еңбектерін репродуктолог мамандар бір фильм мен бір кітапқа сыйғызыпты. Фильмді алғаш рет экраннан, осы жолды бірге өткерген отандық, шетелдік мамандар және сол өлшеусіз еңбектің нәтижесін құшақтарына қысып келген бақытты ата-аналар тамашалады.
- Біздің мемлекетте, әсіресе Астанада елшіліктің, шетелдің адамдары да емделіп жатады. Қазақстанда бұл сала жақсы дамыды. Әрине мамандар аз, лабаратория көп емес, 20 шақтысы бар. Алғаш болып жол салғаннан кейін бізге қиын болғаны рас. Соны көресіздер, оқисыздар, - деді «Экомед» клиникасының негізін қалаушы және жетекшісі Салтанат Байқошқарова.
Жарты сағатқа созылатын деректі фильмді ақ халатты-лар өз күштерімен түсіріпті. Түтіктен шыққан сәбилерінің тағдырын экраннан көрген аналар көздеріне жас алды.