ҚАЗАҚСТАНДА ТЕХНИКАЛЫҚ БIЛIМ ТЕГIН БЕРIЛУІ МҮМКІН
Бiлiм және ғылым министрлiгi алғашқы техникалық мамандық бойынша бiлiмнiң Қазақстанда тегiн берiлуін ұсынды. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
«Министрлiк тарапынан қыркүйек айында «Бiлiм беру туралы» жаңа заңда енгiзiлетiн түзетулерде бiрiншi техникалық мамандық бойынша бiлiмдi тегiн алу мәселесiн қамтитын норманы қарастырамыз. Мектептен кейiн балалар далада қалмай, өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайына қарамастан бiлiм алғанын қалаймыз. Бiз осындай ұсынысты енгiзiп жатырмыз, ал үкiмет, депутаттар мен әкiмшiлiктiң қалай қолдайтынын көре жатармыз. Бiз бұл бағытта жұмыс iстейтiн боламыз», - дедi журналистер сауалына жауап берген А.Сәрiнжiпов.