ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ
Биыл Қызылорда облысының 100 тұрғыны «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының арқасында өз меншікті істерін ашты.
2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында Қызылорда облысында азаматтарды микронесиелеуге 421,3 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда 180 адам 370 млн теңге көлемінде несие алды. Оның ішінде 108 азамат алғашқы рет өз меншікті ісін ашқандардың қатарында. Микронесие алушылар жасаған жаңа жұмыс орындарына жұмыспен қамту орталықтары арқылы 242 адам жұмысқа орналасты.
Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында 229 жұмыс орны қарастырылған 17 инфрақұрылымдық жобаларға 575 млн теңге бөлінді. Бүгінде 16 жоба өз жұмысын бастап кетті. Мұнда жұмыспен қамтылған 200-ге жуық адамның 122-сі жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасты.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша кәсіптік оқумен 2147 адам қамтылды. Сондай-ақ, орташа айлық жалақысы 46 мың теңгені құрайтын әлеуметтік жұмыс орындарына 340 қазақстандық орналастырылып, 519 азамат жастар тәжірибесіне бағытталды.
Нәтижесінде Қызылорда облысындағы жұмыссыздық деңгейінің 2015 жылдың 2 тоқсанындағы көрсеткіші 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайыздық бекетке төмендеп, 5 пайызды құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 %-ға төмендеді.
Айта кетейік, 2015 жылғы 11 ақпанда өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының тиімділігін атап көрсетіп, оны жандандыруға тапсырма берген болатын.