ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МҮГЕДЕК-БАЛАЛАРДЫҢ САНЫ 17,2 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ
Қызылорда облысында мүгедек балалардың саны 17,2 пайызға артты, деп хабарлады BNews.kz.
- Балалар арасындағы мүгедектіктің өсуі алаңдатады, есеп беру кезеңінде 18 жасқа дейінгі 622 балаға мүгедектік тағайындалса, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 107 жағдайға немесе 17,2 пайызға артқан, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сапар Рахманшеев хабарлады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, «мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту мен құқықтарын қамтамасыз ету жол картасы» аясында өткен жылы облыстық кеңес беру орталығындағы сурдологиялық кабинетті медициналық құралдармен жабдықтауға 14 лор-кабинет алынып, аудандық және қалалық емханаларға 14 клиникалық аудиометр сатып алынуға қаржы бөлінді. Сонымен қатар мүгедектердің денсаулық сақтау объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін пандустар орнату үшін 48 нысан бөлініп отыр. 2013-2014 жылдары 51 балаға, ал биыл 3 балаға кохлеарды имплантация отасы жасалынды. Қызылорда қаласындағы 140 орындық «Сыр жұлдызы» балабақшасында құлағы нашар еститін 12 бала арналған топқа жіберілді.
- Ал балалар арасында туа бітті ақау диагнозымен туылған нәрестелерді төмендету мақсатында облыс деңгейінде перинаталды скринингтің жұмысы жандандырылуда, - деді С.Рахманшеев.
Шынар БЕКБАН