ЖАС ОТБАСЫ ҮШ БІРДЕЙ АТҚАМІНЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылында тұратын жас отбасы үш бірдей атқамінермен толықты. 23 жастағы Айгерім Баймұрзаева дүниеге үшем әкеліп, отбасын үш есе қуанышқа бөледі.
Үшемдерді жас ана отаның көмегінсіз, облыстық Ана мен бала орталығының білікті дәрігері Азамат Темірханұлының көмегімен дүниеге әкелді. Бұған дейін отбасында 1 жасар ұл бала бар екен. Өткен айдың 30 жұлдызына туылған сәбилер бүгін туған-туыстарымен бірге отбасына қосылмақ. Үшемдерге әжесі Шахризад, Шахрат және Шапағат деген есімдер берген. Балалардың салмағы 1900, 1832 және 1800 грамм.
Айта кетейік, бұл жыл басынан бері екінші үшем. Өткен жылы облыс бойынша 4 үшем, 34 егіз дүниеге келген.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА