ҚЫЗЫЛОРДАДА 22 МЕКТЕП ЖАҢА ОҚУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ КӨШПЕК
Қызылорда облысының 22 мектебі «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» үлгісі бойынша жарақтанады, мұғалімдері толықтай қайта оқылып, жаңа оқу әдістемеге көшеді. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыс ұстаздарының қатысуымен өткен тамыс кеңесінде хабарлады.
- Оқу жүйесі өте күрделі. Сондықтан қатал бақылауды қажет етеді. Білім сапасын көтерудегі жаңашыл бастама ретінде біз облыстардың арасында алғашқы болып "Назарбаев зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымымен арнайы меморандумға қол қойып, аймақтық инновациялық мектептер желісін құру жобасын бастадық. Жұмсалған күш зая кетпеді, салған қаражат ауыз толтырып айтарлық интеллектуалдық өсім бере бастады. Осы орайда, бөлінген қаржыны тиімді игеріп, іске жарата білген сала мамандарының, әсіресе ұстаздар қауымының абыройлы еңбегін атамасқа болмайды.
Айта кету керек, өлкеміздің биылғы бірыңғай ұлттық тест қорытындысы бойынша 13-ші орыннан 5-ші орынға шықты. Барлық аудандардағы орташа балдың біркелкі жоғары шығып, орташа республикалық көрсеткіштен жақсы болуы соған дәлел.
- Бұл жетістік балалардың алдын ашып, қызылордалық түлектерге ең үздік жоғары оқу орындарға жол салды. 2015 жылы ұлттық бірыңғай тестке қатысқан түлектердің жартысы түрлі мемлекеттік гранттар есебінен Қазақстан мен Ресейдің маңдайалды жоғарғы және кәсіптік оқу орындарына қабылданды. Бізді марқайтатын, әрі ертеңге деген сенімімізді күшейтетін бұдан артық көрсеткіш жоқ. Егер менен біреу облыста іске асқан қай шаруаны ерекше мақтан тұтасыз деп сұраса, ойланбастан білім берудегі жетістіктер дер едім, - деді аймақ басшысы.
Шынар БЕКБАН