ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰРМАНҒАЗЫСЫ МЕН ОРЫСТЫҢ ПУШКИНІН СҮЙІСТІРУ КІМГЕ КЕРЕК?
Әлеуметтік желінің шаңы шықты. Қазақтың Құрманғазысы мен орыстың Пушкинін сүйістірген гей-жарнама дүйім жұрттың жағасын ұстатты. Аты аңызға айналған ұлы күйшінің есімін арсыз мақсатта пайдаланған ЛГБТ қозғалысы өкілдерін енді сотқа беріп жазаға тарттыру керек дейді блог-белсенділер, деп хабарлайды Bnews.kz.
"Бүгінгі күннің скандалын білдіңіз. Алматыдағы ең ірі деген "Студия 69" гей клубының жарнамасы әрі Қазақстандағы ЛГБТ қауымдастықтың әлеуметтік жарнамасы ретінде Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп қойғанын... Бұған тапсырыс берген - әлгі қауымдастық, ал жасаған - Havas Worldwide Kazakhstan дизайн студиясы, - деген мәліметімен бөлісті блогер Өркен Кенжебек.
Оның айтуынша, тіпті, осы дизайнның авторы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында сорақы туындысы өзіне ұнайтынын ұялмай жазған.
Енді бұл бассыздықтың мойнын кеспесе болмайды, дейді Ө.Кенжебек. Ол үшін мемлекеттік органдарға хат жазып, арсыздардың атына шағым түсіруді ұсынды. "Егер шағым Құрманғазы Сағырбайұлының алыс-жақын туысының атынан түссе, сотты жеңуде мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болады", - дейді ол.
Сондықтан, Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі намысы бар жігіттер жабылып, Құрманғазының туысқанын іздеуге кіріскен тәрізді.