ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ «РЕСПЕКТ» ЖШС-ҒА АЛДАНҒАН АЗАМАТТАРДЫ ІЗДЕЙДІ
ІІМ-нің Тергеу департаменті бір топ адамның алаяқтығы фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуін жүргізуде.
Тергеуде Ибраев Қуаныш Жұмакелдіұлы 2012 жылдың қарашасынан бастап 2013 жылдың желтоқсаны аралығында Астана қаласында «Респект» ЖШС-ны және еліміздің өңірлерінде оның филиалдарын құрғаны анықталды, ол өзінің компаниясы британдық «BANK OF KINGDOM» банкімен келісім бойынша төмен пайыздық ақы бойынша 1000 еуроға дейін кепілсіз несие ұсынатыны туралы тұсаукесер өткізген. Сонан соң өзінің өкілдері арқылы несие беру жөнінде шарттар жасасқан және әрбір азаматтан 75 мың теңге бастапқы ақшалай жарна алыа отырып, жасырынып кеткен. Алданған адамдардың болжалды саны мыңнан асады.
Қазіргі уақытта Ж.Қ. Ибраев ұсталды және қамауда отыр.
ІІМ Тергеу департаменті Ж.Қ. Ибраев ашқан «Респект» ЖШС фирмасына алданған адамдарды облыстық ішкі істер департаменттеріне және қалалық ішкі істер басқармаларына не болмаса ҚР ІІМ Тергеу департаментіне: Астана қаласы Тәуелсіздік көшесі,1, тел. +7-7172-72-21-07 мекенжайына көрсетілген компания ресімдеген өтініштер мен құжаттарды ала келу қажет.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі