ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҰЛТ ЖОСПАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру және талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің қызметкерлері Қызылорда облысы Шиелі ауданының жастарымен кездесті.
Кездесу барысында Департаменттің Ауданаралық бөлім басшысы Роберт Т. 100 нақты қадамдар мен реформаларды жүзеге асыру мен олардың орындалуын толық түсіндірді. Еңбек ақысын төлеудің факторлы-баллды көрсеткішін енгізу, мемлекеттік қызметке жаңа түсу талаптары туралы, мемлекеттік қызметкерлердің жалпы аттестациялануы, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты одан әрі күшейту сұрақтарына өз баяндамасында кеңінен тоқталды.
Жастар өз пікірлерін ашық білдіріп, «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясындағы алғашқы институционалдық реформасына белсенді түрде қолдау білдіріп, өздерінің ұсыныстарын қызу талқылау барысында айтып жеткізді.
Жалпы бұл іс-шара мақсатына жетіп, қатысушылар өз көкейіндегі сауалдарына тиісті жауаптарын алды.