ҚЫЗЫЛОРДА ОТД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясының «Аяулы алақан» қозғалысы мүшелері 10 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған батыр ана – Зейнеш Әлжімбаеваның отбасында болды.
Еріктілер отбасына дирекция қызметкерлерінің көмегімен жиналған азық-түлік, киім-кешек тапсырды. Қызметкерлерді басқару бөлімі басшысы Айгүл Досымованың айтуынша, компанияның әлеуметтік жауапкершілігі жоғары және әрдайым күн тәртібінен түскен емес.
«Аяулы алақан» қозғалысын ұйымдастырып, басы-қасында жүрген «Қазақтелеком» АҚ орталық аппаратының ұжымы. Корпоративтік еріктілер бағдарламасы бірнеше бағыттан тұрады. Еріктілер балалар үйінің жоғарғы сынып оқушыларын әлеуметтік бейімдеу, қарауындағы мекемелердің тәрбиеленушілерінің мәдени, адамгершілік және дене тәрбиесіне біріге ықпал ету, егде кісілерге және компания қызметкерлеріне көмек қолын созу сияқты игі істерді өз міндетіне алған.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА