ҚОЛДАҒЫ ТҮЛІГІНЕН АЙЫРЫЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШАРУАЛАРДЫҢ ШЫҒЫНЫ ӨТЕЛМЕК
Бұл ретте шопандар білуге тиіс бір нәрсе бар: тек арнайы сырғаланып, тіркелген уақ малға ғана төлем жүреді. Қазір арнайы құрылған жұмыс тобы шығын көлемін есептеп жатыр, деп хабарлады «24 кз».
Бұған дейін хабарлағанымыздай, шілденің басында Жаңақорған ауданына қарасты 5 шаруа қожалығында 1 мың 200-ден астам қой-ешкі қырылып қалған болатын. Кейін ауданда төтенше жағдай жарияланып, төңірекке мал әкелінбей, сыртқа да шығарылмады. Індет ошағында зерттеу-сараптау жұмыстарын жүргізген ветеринарлар малдың қырылуына аэробтық эндотоксимия мен жұқпалы пастереллёз індеті себеп болды деген қорытындыға келді. Дегенмен қазір емдеу шараларының арқасында қайтадан отарға қосылып жатқан түлік қарасы көбейіп келеді.
- Уақ малдың төлдері 3-6 ай аралығындағыларға жобамен 12,5 мың теңгедей болады. Ал қойларға 22-24 мың теңге шамасында болып есептеледі, - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Пірмұхамед Сыздықов.