ШЫҒАРМА ЖАЗУ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалында барлық қалалық және аудандық бөлімдердің мемлекеттік тілді дамытуға жауапты тұлғаларының қатысуымен облыстық семинар өткізілді.
Аталған семинарда мемлекеттік тілді дамыту бағытында атқарылған жұмыс нәтижесі сараланып, алға қойылатын міндеттер белгіленді. Сонымен қатар шара аясында «Қазақ хандығына 550» жыл тақырыбындағы шығарма жазу байқауы қорытындыланып, байқау жеңімпаздары марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша Шиелі аудандық бөлімінің инспекторы Г.Қойшыбаева І орынды, Жалағаш аудандық бөлімінің инспекторы А.Бисенбай ІІ орынды, Қызылорда қаласының № 1 бөлім инспекторы Н.Файзуллаева ІІІ орынды иеленсе, ал Байқоңыр қалалық бөлімінің инспекторы А.Есқалиева, Жаңақорған аудандық бөлімінің инспекторы Ж.Тажибаева, Қызылорда қаласының № 2 бөлім инспекторы Ш.Құтпанова ынталандыру сыйлығына ие болды. Барлық жеңімпаздарға дипломдар, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Бұл орайда Филиалда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай барлық бөлімдерде іс-шаралар өткізіліп, кітап көрмелері ұйымдастырылғандығын атап өту керек.