ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР РЕСЕЙ ТАУАРЫНА ҚАРАЙ ҚАЙТА АҒЫЛА БАСТАДЫ
Рубль құнсызданғалы Ресейдің арзан тауарына қарай ағылған қазақстандықтарда есеп жоқ, деп хабарлайды Bnews.kz.
Нақтырақ айтсақ, 11 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының «Сырым» кеден бекетінде куәгерлердің бірі жүздеген қазақстандық көліктің кептеліп тұрғанын видеоға түсіріп алған.
Қазақстаннан ағылған қисапсыз көліктерді Ресей жағы өткізіп үлгермей жатқан көрінеді.
Ресей валютасының құнсыздануы өткен жылдың күзінде басталған болатын. Сол уақыттан бері шекаралас жатқан облыстардың тұрғындары Ресейден тауар мен көлік тасуды бір сәтке тоқтатқан жоқ.
Айта кету керек, 11 тамыз күні рубль құны 2,91 теңгеге дейін төмендеді.