«СОТ КАБИНЕТІ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІ ЖОЛДАУ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Кеше Қызылорда облыстық сотында «Сот өндірісіне «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы әкімшілік істерді жолдау туралы» семинар мәжілісі өтті.
Семинарға Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысының міндетін атқарушысы С.Смағұлова, талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Бөрібаев, Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев, Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің, қалалық ішкі істер басқармасының, Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының, әділет басқармасының, сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының, желілік ішкі істер бөлімінің және өзге де органдардың өкілдері, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ф.Әлиясқарова, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе менгерушілері қатысты.
Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысының міндетін атқарушысы С.Смағұлова «Сот кабинеті» - халықтың сотқа өтініш, шағым жасауға және қолдау хатты электронды түрде дайындап жолдауға арналған жүйе. Осы жүйе жұмыс жасау барысында өзінің оң нәтижесін көрсетіп келеді. Енді аталған жүйені одан әрі жетілдіру, әрі халыққа ыңғайлы ету үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты бастамасымен «Сот құжаттарымен танысу» жобасы іске асырылып жатыр. Аталмыш жоба шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға ақпараттық талон беру қарастырылған. Сонымен бірге, Сот кабинеті жүйесі арқылы әкімшілік істерді электронды түрде жолдау қолға алынып отыр. Қызылорда облысы соттарына бір күннің ішінде «Сот кабинеті» арқылы 12 әкімшілік іс түсті. Яғни, мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік істерді электронды түрде жолдауға толық мүмкіншілік бар», – деп айтып өтті. Сондай – ақ, кеңсе басшысының міндетін атқарушысы С.Смағұлова кейбір мәселе тудыратын сұрақтарды назарға ұсынып, шешімдерін көрсетті.
Сонымен қатар, бас қосуда «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы әкімшілік істерді жолдау мәселелері» туралы баяндаманы талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Бөрібаев көрнекі құралдар арқылы мемлекеттік органдарға таныстырып, істерді жолдауды электронды түрде тәжірибе жүзінде көрсетті.
Мемлекеттік органдарға сот кабинеті арқылы әкімшілік істерді жолдауға байланысты әдістемелік құралдар тапсырылды.
Семинар соңында іс-шараға қатысушы мемлекеттік органдар өкілдері жаңа ақпараттық онлайн қызмет түрлері қолданысқа кеңінен енетініне сенім білдірді. Қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі