ЖӘРМЕҢКЕДЕ 45-ТЕН АСТАМ МЕКЕМЕДЕН СҰРАНЫС БОЛДЫ
Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейде жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге қаладағы 45-тен астам мекемеден 330-ға жуық сұраныс түсті. Шара барысында жастарға қажетті жұмыс орындарын таңдау, ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысу, кәсіби мамандық алу және қайта даярлау курстарында оқу, әлеуметтік жұмыстар, шағын несие алу жөнінде кеңестер берілді.
Жұмыспен қамту орталығы жастардың «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үш бағытына қамтылуына мүмкіндік жасады.