«КСЕЛЛ» КОМПАНИЯСЫ «АЛЛО, ҚАЗАҚСТАН» ТАРИФІН ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ
«Кселл» акционерлік қоғамы «Алло, Қазақстан» тарифін қорғау шараларын қабылдауға мәжбүр екендігін жариялайды.
2015 жылдың 3 маусымында ұялы байланыс қызметтерінің бағаларын төмендетуге қатысты мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шеңберінде, сондай-ақ «Кселл» компаниясының абоненттерінің мүддесінде, activ брендінің пайдаланушылары үшін "Алло, Қазақстан" тарифтік жоспарларының бірегей желісі енгізілген болатын. Бар-жоғы 2 ай ішінде осы тарифтер activ абоненттерінің арасында кеңінен танымал болды.
Қазіргі таңда «Кселл» АҚ-ға операторлардың бірінен бұрын-соңды болмаған, мақсаты компанияның осы тарифтік жоспарларды жоюға мәжбүрлеу болып табылатын, соның ішінде, БАҚ және әлеуметтік желі арқылы, қысым көрсетіліп отыр. «Кселл» өз абоненттерінің мүддесін қорғау үшін «Алло, Қазақстан» тарифтерін құқықтық өріс шеңберіндегі бәсекелестердің соқтығысуынан қорғау мақсатында белгілі шараларды қолдануда.
Компания, сонымен қатар, өзінің адал абоненттерінің мүддесін, олардың пайдаланушы тәжірибесіне кері әсерін тигізуі мүмкін өзгелердің әрекеттерінен қорғау бойынша іс шаралар өткізіп жатқандығын хабарлайды.
"Кселл" АҚ бәсекелестің көрсеткен қысымына қарамастан, компанияның өз абоненттерінің мүддесін ҚР-ның заңнамасына сүйене отырып қорғайтындығын жалғастыратынын мәлімдейді.