ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
22-28 тамыз аралығында облыс көлемінде «Тазалық апталығы» профилактикалық шарасы өтуде. Бұл туралы ОІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Елбасының «мүлдем төзбеушілік» қағидатын негізге ала отырып ұйымдастырылған шараға Қызылорда қаласы мен аудан орталықтары, оларға қарасты елді мекендер түгел қамтылды. Белгіленбеген орында сауда жасау, ортақ пайдалану орындарын – саябақтарды, скверлерді ластаудың, белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды шығарудың алдын алу мақсатында үгіт-насихат жүргізілуде.
Тазалық апталығына мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен тартылды.