ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы және департаменттің құрылымдық басқармасы мен бөлімдерінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы бойынша орналасқан жылу-энергия нысандарының басшылары мен жергілікті құзырлы органдарды қатыстыра отырып, «Өрт қауіпсіздігін сақтау» мәселесі бойынша семинар-кеңестер өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
Қызылорда облысы бойынша 9 жылу-энергиямен қамтамасыз ету нысаны орналасқан. Осыған орай, өрттің алдын алу және үгіт-насихаттық жұмыс жүргізу, адам өлімін болдырмау және материалдық шығынды келтірмеу мақсатында 4 рет семинар-кеңес өткізіліп, оған жылу-энергиямен қамтамасыз ету нысандарының басшылары – 8 адам, /Қызылорда жылу электр орталығы, «КРЭК» АҚ, «КазТрансГазАймақ» АҚ/, аумақтық кәсіпкерлер палатасынан 3 өкіл қатыстырылып, прокуратура органдарының қызметкерлерінен 3 адам, ПИК өкілдерінен 8 жұмысшы және жергілікті бұқаралық ақпарат өкілдерінен 6 адамның қатысуымен профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Аталған іс-шаралар барысында нысан басшыларына өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің, өртті автоматты анықтау мен сөндіру жүйелерінің жұмысқа жарамдылығына, өрт сөндіру заттары (көбік түзгіштің) қажетті қорына, сондай-ақ ең үлкен резервуардағы өртті сөндіруге қажетті санын беруге, ведомствалық өртке қарсы құрылымдарын құруға және қажетті өрт техника санымен қамтамасыз етуге басты назар аудару қажет екендігі ескертілді.
Сонымен бірге, өрт қауіпсіздігі ережелерін орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің күшейтілгендігі туралы айтып, оларды қатаң сақтау қажеттігі жөнінде нұсқаулықтар беріп, өрт оқиғасы орын алған жағдайда күзет ұйымдарының іс-әрекеттерінің алгоритімі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп және мемлекеттік өртке қарсы қызметке хабарлама беруге басты назар аудару қажеттігі айтылды.