ЧЕК ЖИНА ДА, СЫЙЛЫҚ АЛ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мамыр айынан бері жүріп жатқан «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының төртінші айдағы қорытындысын шығарды.
Департамент ғимаратында өткен ұтысқа өткен барлық аудандар бойынша және Қызылорда қаласы бойынша шілде айында өткен ұтыс ойынының жеңімпаздары жиналды. Ақтық мәре сызығына жеткен 8 ойыншы қорытынды ұтысқа тігілген сыйлықты сарапқа салды.
2015 жылдың 1 сәуірінде басталған бұл акцияға қатысушылар саны көбейіп, жұртшылықтың белсенділігі артып келеді. Олардың көбісі ай сайын чектерін жинап жүретін тұрақты ойыншыларға айналды. Шара жүріп жатқан 4 айдың ішінде облыс бойынша чекке айырбасталған купон саны 20777-ге жетті.
Акцияның жүргізілу барысында барлық аудандар және Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары жақсы ұйымдастырушылық танытты. Мысалы, Жаңақорған ауданы сауда орындарында 5 жинактаушы жәшіктер орнатып, алдыңғы орынды иеленіп отыр, барлығы - 5884 купон жиналған. Қызылорда қаласында – 5218 купон жинақталыпты. Атап өту керек, акцияға қатысуда Арал, Қазалы аудандары тұрғындарының белсенділігі жоғары.
Шілде айында Қызылорда қаласы және барлық аудандарда анықталған жеңімпаздармен кездесуді Департамент басшысының орынбасары міндетін атқарушы Дүйсенбаев Әуезбек Сейткамалұлы ашып, жиналғандарға белсенділігі үшін алғыс білдірді. Төртінші айналымның қорытынды ойынына жеткен барлық купон жинаушыларға Департаменттің Алғыс хаттарын тапсырды.
Бұл айдың жеңмпазы Жалағаш ауданынан келген 13 жасар оқушы Аманжол Ғабит Нұрлыбекұлы ұялы телефонға ие болды.
Акция өту барысында желтоқсан айына дейін ай сайын құнды сыйлықтар ойнатылуы жоспарланған. Аудандық, облыстық және республикалық үш кезең бойынша өтетін акция әр ай сайын бір жеңімпазды купондарды лототрон ойнату жолымен анықтап отырады.
Бахыт ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы