ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ СЕБЕПТЕРІ ЗЕРТТЕЛУДЕ
Қызылорда облысында жасөспірімдер арасындағы суицидтің себептері зерттелуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Айгүл Тастанова орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
А.Тастанованың айтуынша, 2015 жылы Қызылорда облысында өзіне өзі қол жұмсаудың себеп-салдарын терең зерттеуге бағытталған «Суицидтің алдын алу бағдарламасы» жобасы қабылданған болатын. Мұндай бағдарламаларды іске асыру жақсы көрсеткіштері жоғары бағаланып отыр. Зерттеу жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады: ақпараттық, оқыту және қауіпті топты анықтау.
«ЮНИСЕФ қорымен жоба аясында 2012-2013 жылдары Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Шығыс Қазақстан облысы негізінде еліміздің басқа да аймақтарында жобалар іске асырылды. Алматы қаласында зерттеудің екінші кезеңі жүргізілуде. Зерттеу деректеріне сүенсек, жасөспірімдердің арасындағы суицидтердің дені олардың ақыл-есіндегі психологиялық ауытқуларға байланысты болып отыр»,- деді А.Тастанова.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА