ҚХА ЖАНЫНАН МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан медиация институты құрылатын болды. Бұл туралы бүгін елордада өткен алқалы жиында айтылды, деп хабарлайды 24.kz.
Жаңа институттың ерекшелігі – онда ұлтаралық жанжалдар шешілмек. Бүгінде республика бойынша 40-қа жуық медиация орталығы жұмыс жасайды. Әрқайсысында жылына шамамен 70 іс қаралады екен. Мысалы, Алматы қаласының аудандық сотында биылғы 7 айда 18 іс сотқа жетпей, осы тәсілімен шешіліпті. Жалпы, елімізде медиация туралы заң осыдан 4 жыл бұрын қабылданып, күшіне енді. Бұл ұғым тұрмысымызға жақында енгенімен, дәстүрімізде бұрыннан бар екенін айта кету керек. Оған қазақтың белді билері дәлел.
- «Қыз Жібек» фильмін есіңізге түсірсеңіз, сонда Қыз Жібек араша ретінде өз жаулығын тастайды. Араша біздің қанымызда да, дәстүрімізде де бар. Ол қазіргі заманғы – медиация үрдісі. Бізде ол дамып келе жатыр деп айтсақ болады, - дейді ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Ғазиз Телебаев.