ОҚУЛЫҚ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МӘСЕЛЕСІ 15 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ШЕШІЛЕДІ
Мектептердегі оқулық жетіспеушілігі мәселесі тамыздың 15-іне дейін толық шешіледі, деп хабарлайды 24.kz.
Министр жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы 18 тамызда Үкімет отырысында баяндама жасамақшы. Бүгінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс атқарылып жатыр. Қаражат түгел төленген. Қазір кітаптарды сатып алу мен оларды мектептерге жеткізу жұмыстары атқарылуда. Бүгінге дейін Алматы мектептері оқулық мәселесін толықтай шешкен. Дегенмен кестеден қалып келе жатқан өңірлер де бар. Олар – Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
«Әкімдіктер бұл олқылықты белгіленген мерзімге дейін шешіміз деп уәде беріп отыр», - дейді Сәрінжіпов мырза. Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі: - Барлық өңірлермен қазір жұмыс жалғасып жатыр. Оқулықтармен қамтамасыз ету, мектептерді дайындау, жөндеу жұмыстарын жүргізу – соның бәрін тамыз айында толық бітіреміз деп үміттенеміз».