ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУҒАН АНАСЫНАН ЖӘБІР КӨРГЕН БАЛАНЫҢ ТӨБЕ ШАШТАРЫ ТҮСІП ҚАЛҒАН
Қызылордада туған анасынан зәбір көрген сәбиге қатысты сот шешімі шықты. Оған сәйкес, бүлдіршінді анасынан айырып, әкесінің тәрбиесіне берілетін болды.
Тасжүрек ана кішігірім бұзықтығын желеу етіп, ұлын оқтаумен ұрып, желең киіммен суық күні сыртқа шығарып жіберіп отырған. Салдарынан бала дұрыс сөйлей алмай, кекештеніп қалған. Тіпті төбе шашы да түсе бастаған.
Бұл жайтты естіген баланың әкесі облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа шағым түсірген.
Соның негізінде сот болып, жас өскіннің тартқан тауқыметі мен тұрғылықты жағдайының қолайсыздығын саралай келе сот әйелді ана құқығынан айырды.
"Сот процесі барысында үздіксіз ұрып-соғу нәтижесімен баланың көру қасиеті төмендегені анықталды. Біз арызданушы, жауап беруші және баланың да сөзін тыңдап, саралап, баланың болашағы үшін әкесімен қалғаны дұрыс деген шешімге келдік”, – дейді Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қайратбек Бержанов.