ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ЗАҢ АЛДЫНДА ЖАУАПТЫ
Қызылорда қалалық прокуратурасының бастамасымен Қызылорда облысы бойынша экология департаменті, Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, қалалық ішкі істер басқармалары және Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімімен бірлесіп, қала аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіріп және жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін анықтау бағытында экологиялық заңнамалардың қолданылуына зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, зерттеу жұмыстарының мақсаты, жеке және заңды тұлғалармен мемлекет қорғауындағы кең таралған пайдалы қазбаларды өз беттерінше өндіру мен жер қойнауын заңсыз пайдалануларына мүлдем төзбеу арқылы бұл деректердің алдын алу.
Аталған зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға себеп болған жайттардың бірі, қалалық прокуратурамен және уәкілетті мемлекеттік органдармен бұл бағытта жүргізілген іс-шараларға қарамастан, осы деректердің жиіленуі.
Сырттай зерттеу нәтижесімен, жеке кәсіпкер Қ.Шалкибаев Ақсуат ауылдық округі аумағында орналасқан өзіндік кәсіпкерлік мақсатқа берілген жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланбай, саз карьері мен қыш зауыты мақсатында пайдаланып отыр.
Осы тектес, Маханбетов ауылы, «Талдыарық» өңірінде орналасқан өзіндік кәсіпкерлік мақсатқа берілген 2 жер учаскесін жеке тұлға М.Коптаев және Ақсуат ауылдық округі, Бесарық өңірінде орналасқан шаруа қожалығын жүргізу мақсатында берілген жер учаскесін «Елдос» шаруа қожалығының жетекшісі А.Жусипбеков қыш зауыты және оған қызмет көрсету нысаны ретінде пайдаланып отырғандары белгілі болды.
Бұдан бөлек, жеке тұлға Г.Киргабакова Оңтүстік өндірістік аймағындағы коммерциялық мақсатында берілген жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланбай, құм топырақ карьерін қазу жұмыстары мақсатында пайдаланып отыр. Ал, «Құмкөл» тас жолының оң жақ бетіндегі жер учаскесінен азамат М.Куанышбаев және «Самара-Шымкент» тас жолы, С.Бейбарыс көшесі бойында орналасқан көпірдің жанында азамат А.Таймановтың басқаруындағы арнайы техникасымен белгіленбеген орыннан кең тараған пайдалы қазба құмды заңсыз қазып және оны тиеу жұмыстарымен айналысып жатқандары анықталған.
Аталған заңсыздықтарға байланысты, заңда белгіленген барлық шараларды көру үшін уәкілетті органдарға прокурорлық ықпал ету актілері енгізіліп, тиісті хаттар беріліп, бүгінгі таңда соңғылармен бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы, осы тектес зерттеу жұмыстары қалалық прокуратурамен әрі қарай жалғасын тауып жүргізілетін болады.