БҮГІН БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛАДЫ
Бүгін мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталады. Биыл 32 168 білім грантынан 67 мың адам үмітті. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің сөзіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады.
Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысында министр: «Биыл мемлекет тарапынан 32 мың грант бөлінеді. Оның ішінде техникалық мамандықтарға – 12,5 мың, педагогикалық мамандықтарға – 6 мың, ауыл шаруашылығы мамандықтарына 2,5 білім гранты қарастырылған. Сондай-ақ, осы жылы конкурсқа қатысатындардың 78 пайызы мектепті қазақ тілінде бітіргендер. Соған сәйкес, орыс тілінде бітіргендер 22 пайызды құрап отыр. Сол себепті, барлық гранттың 78 пайызын қазақ бөлімдеріне, 22 пайызын орыс бөлімдеріне бөлу көзделген», – деді.
Аталған комиссия құрамына Білім және ғылым министрлігінің мамандарымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, сондай-ақ,білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелері енеді.
Тағы бір айта кетер жайт, «Алтын белгі» иегерлеріне, халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми сайыстардың және байқаулардың, одан бөлек, спорт жарыстарының жеңімпаздарына грант тағайындау кезінде басымдық беріледі.