МЕКЕМЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДАУЛАР
Талапкер «К» ЖШС-і сотқа жауапкер «K.G» ЖШС-і арасындағы келісім-шарт бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындамауына байланысты, берешек 1470000 теңге мен 21000 теңге өсімпұлын өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауапкер «K.G» ЖШС-і сотқа келісім-шарт бойынша жүктелген міндеттердің жартысы орындап, 1 205 000 теңгеге құрылғылар орынатылғанын көрсетіп, талапкер «K» ЖШС-і сұраған сомманы азайту туралы қарсы талап арыз түсірген.
2014 жылдың 4 маусымында талапкер мен жауапкер келісім-шартқа отырып, келісім-шарт бойынша жауапкер объектіні газбен жабдықтау, жобалау және т.б. жұмыстарын жүргізуге, ал талапкер жұмысты қабылдап, атқарылған жұмыстың ақысын төлеуге міндеттелген. Келісім шарт бойынша жұмыс құны 2100000 теңге, 2014 жылдың 24 маусымында екі тарап арасында қосымша келісім-шарт жасалып, жауапкерге бірінші келісім-шарт бойынша жұмысты 2014 жылдың 3 шілдесіне дейін, ал қосымша келісім-шарт бойынша объектіге еден астынан жылу орнату жұмыстарын 2014 жылдың 1 тамызына дейін аяқтау жүктелген.
Талапкер жүргізілетін жұмыстарға, 04.06.2015 жылғы №11 төлем түбіртегі бойынша жауапкерге алдын ала 1470000 теңге төлеген.
Сондай-ақ, сотпен талапкердің өз объектісіне жауапкердің құны 592000 теңге тұратын газ пеші мен 75000 теңге тұратын газ есептегіш, 38000 теңге тұратын газ түтініне арналған дабыл құрылғыларымен жабдықталғаны анықталды.
Бірінші саты соты екі тарапты да тыңдай келе, екі талап арызды ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды.