ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТА!» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда ОІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері Қызылорда қалалық прокуратурасымен бірлесе отырып «Жол қауіпсіздігін сақта!» атты акциясын өткізді. Аталмыш акцияның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау, жолда қауіпсіздік ережесін сақтауға шақыру, жол қозғалысына қатысушылардың басқа адамдардың өмірі алдындағы жауапкершілігін сезіндіре отырып, санасын өзгерту, мәдениетін арттыру, әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету болып табылады.
Акция барысында қала орталығындағы халық көп шоғырланатын жолдармен жол-көлік оқиғасында зардап шеккен автокөліктердің қалдықтарын тиеген автоэвакуаторлар жүріп өтті. Сонымен қатар, дыбыс күшейткіш құралдары арқылы қала тұрғындары мен жүргізушілерге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулықтарын және жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау бойынша ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, автокөлік жүргізушілеріне кітапшалар мен жадынамалар таратылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі