ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІ АСТАНАДА ҚҰРЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ҚАБІЛЕТТІ
Қазақстандық заңгерлердің басым бөлігі Астанада құрылатын халықаралық орталықта жұмыс істеуге қабілетті. Бүгін «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» үкіметтік емес ұйымының өкілі Ермек Абдрасулов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.
Айта кетерлігі, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот төрелігінің ашықтығын қамту, әділсот жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмысқа ерекше көңіл бөлінген болатын. Мәселен, инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру, Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында «AIFC» халықаралық қаржы орталығын құру, шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін Жоғарғы Сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру шаралары нақты қамтылды.
«Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында «AIFC» халықаралық төрелік орталығын құру аса маңызды қадам. Қазақстан осы арқылы халықаралық арбитраж шешімдерінің жақсы үлгісін алуға ұмтылмақ. Жалпы, барша халықаралық соттар бір бірінің тәжірибесін зерттеп, зерделейді. Соның ішінде мейлінше қызық, мейлінше резонансты, мейлінше әдемі шешімдер негізге алынып жататыны да содан», - деді брифинг барысында ҮЕҰ өкілі.
Оның пайымынша, бұл бағытта балама әділсот жүйелері, мемлекеттік емес ұйымдар бәсекелестік деңгейін арттырып, сапалылықты жоғарылатады. Сонымен қатар, мемлекеттік соттар өздерінің жұмыстарын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерге де ие болады.
«Мен бүгінгі қазақстандық судьялар, заңгерлер халықаралық соттардағы жоғары деңгейде жұмыстар атқарып жүр және атқара алады деп санаймын. Яғни, олар үшін өзгеше бір оқытулардың қажеті шамалы. Ал бірақ жаңа іске кірісіп жатқан заңгерлер үшін біліктілік оқытулары міндетті түрде болуы қажет», - деді Е. Абдрасулов.