ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП КҮЗЕТІНДЕ
Елбасының 2012 жылғы 14 ақпанындағы Қазақстан халқына жолдауында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруды тапсырған.
Өз сөзінде «... дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады.Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіптік нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам. Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек...», - деген болатын.
Осыған байланысты ҚР Ішкі Істер министрлігі аталған қағидатты қолдану бағытында азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін әкімшілік кодекстің 9 баптарын белгіледі.
Ішкі істер органдарымен жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде, аталған баптар бойынша барлығы 11 мың 747 құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 386 азаматқа(ӘҚБтК 165 бабы), қаламызда және елдi мекендердің аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзғаны үшін 1172 азаматқа(ӘҚБтК 387 бабы), қоғамдық орындарды ластағаны үшін 1154 азаматқа(ӘҚБтК 330 бабы),жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін770 азаматқа(ӘҚБтК 336-1 бабы), кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 33 азаматқа (ӘҚБтК 112-1 бабы) әкімшілік шаралар көрілді.
Осы және басқа да профилактикалық шаралардың нәтижесінде облыс көлемінде тіркелген жалпы қылмыстың саны 9,3%-ға(6377-ден 5785-ке),оның ішінде жасөспірімдермен жасалған қылмыс саны 29,7%-ға(74-тен 52-ге),мас күйінде11,4%-ға(420-дан 372-ге),көшедегі қылмыстар 17,3%-ға(1223-тен 1012-ге) төмендеген.
Облыс көлемінде «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік»(25-26 ақпан),«Балалар түнгі қалада» (15-20 мамыр, 28 шілде мен 03 тамыз)атты жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, 2014 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйекке дейін «Балаға мейірім сыйла» ұранымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде. Алдағы уақытта облыс көлемінде «Абайлаңыз, балалар!», «Полиция және мектеп» іс-шараларының кезең-кезеңмен өткізілуі жоспарлануда.
Облыста құқық қорғау бағытында құрамында 1165 адамы бар 192 қоғамдық құрылымдар қызмет атқаруда. Олардың көмегімен жыл басынан 61 қылмыс ашылып, 215 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
Қоғамдық тәртіпті сақтауда белсенділік танытқан азаматтарды ақшалай марапаттау үшін жергілікті бюджеттен 2014 жылға жалпы 2 млн. 279 мың теңге қаражаты қарастырылып, 1 жартыжылдыққа бөлінген 1 млн. 116 мың теңгесі толығымен игеріліп, қылмыс ашумен қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысқан 74 азамат ақшалай марапатталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі