ҚАЗАҚСТАНДА «КЕЛІН» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ШЫҒАРЫЛДЫ
Кеше Алматыда қазақстандық жастар әзірлеп шығарған 37 мобильді iPhone-қосымшылар көпшілік назарына ұсынылды. Олар отандық және шет елдік тұтынушыларға арналған. Қосымшалар өмірдің көптеген салаларын қамтиды. Солардың бірі - Қазақстанда ажырасуды азайту және келіндердің жағдайын жақсартуға арналған мобильді қосымша. Оның авторы - Астанадағы Назарбаев Университетінің екінші курс студенті, болашақ экономист Дидара Пернебаева.
19 жастағы бойжеткеннің айтуынша, «Келін» деп аталытын бұл iPhone-қосымша келіндердің себебінен болатын ажырасуларды 50 пайызға дейін азайтуға септігін тигізеді.
«Қазақстанда ажырасулар, яғни некенің бұзылуы қоғам үшін үлкен қатер екені белгілі. Тұрмысқа шыққан кейбір құрбыларымның, әпкелерімнің ажырасып кетіп жатқандары жаныма қатты батады. «Бұған не істеу керек? Осылай жалғасып кете бере ме? Бір шешімі болуы керек қой», - деп көп толғандым. Сөйтіп, мобильді қосымша жасау идеясы туындады. Өйткені қазір қыздардың барлығында дерлік смартфондар бар ғой. «Олар ең болмаса осы қосымша арқылы өздерін болашақ отбасылық өмірге дайындаса екен», -деп ниеттендім. Сөйтіп, қосымшаны Алматыда «TheSummerStartupSchool.com» деп аталатын жазғы стартап мектебінде ментор мамандардың көмегімен жасап шығардым. Енді бойжеткендер тұрмысқа шықпай жатып, отбасылық өмірдің қыр-сырын, болашақ қайын атасы мен қайын енесінің, өмірлік жарының көңілін табу жолдарын үйрене алады», - деді Д. Пернебаева.
Сонымен қатар ол, келіндер қауымы да осы қосымша арқылы бір-біріне ақыл-кеңес беріп, қолдау көрсете алатындығын жеткізді.
«Келін» қосымшасы төрт функциядан тұрады. Бірінші функциясы - «Тест». Қазақ қыздары ондағы 13 сұраққа жауап беріп, өздерінің келін болуға қанша пайыз дайын екендіктерін біле алады. Екінші функциясы - «Рецепт» деп аталады. Онда қыздар мен келіндер ас пісірудің қыр-сырын үйренеді. Үшінші функциясы - «Сөздік». Онда жиен, бажа, қайын аға, қайын сіңлі, мырза аға, бөле секілді көптеген атауларға жан-жақты түсінік берілген. Ал төртінші функция - ол «Әлеуметтік желі». Мұнда келіндер қауымы отбасындағы қиыншылықтар, орын алған мәселелер бойынша бір-бірімен сырласып, ақыл-кеңестер айтып, қолдау көрсете алады. Егер қолдаушылар табылып жатса, бұл қосымша болашақта одан әрі толықтырылып, нығайтылатын болады», - деді Д. Пернебаева.
Айта кетелік, бүгін көпшілік назарына ұсынылған барлық 37 қазақстандық қосымшаны ғаламдық «App Store» қосымшалар дүкенінен тегін жүктеуге болады.