ЖӘРМЕҢКЕ ҚАРАЖАТЫ БАЛАЛАРҒА ЖҰМСАЛАДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті арнайы жәрмеңке ұйымдастырды, деп хабарлады облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңке барысында мешіттің шәкірттері, қыз балалар өз үйлерінен арнайы дайындап әкелген тәттілері мен пісірілген өнімдерін саудалап, аталмыш саудадан түскен қаражатты мешіт тарапынан ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларына ұсынды.
Алдағы уақытта мешіт тарапынан оқу жылында мектепке баратын балаларға көмек қолын созу мақсатында қайырымдылық шаралары өткізілуі жоспарлануда. Осы шаралар барысында балаларға таратылатын оқулық, құрал-жабдықтарды сатып алуға аталмыш жәрмеңкеден түскен қаражат та жұмсалатын болады. Мешіт ұжымы шәкірттерге алғысын білдірді.