ҚАЗАҚСТАНДА 2014 ЖЫЛЫ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ АЗАЙҒАН
Қазақстанда 2014 жылы бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендердің саны азайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов мәлім етті.
«2014 жылдың бірінші жартыжылдығында сот қарауында 25 431 іс болды, олардың 90 пайызы қаралып бітті. Ал аудандық соттардың шығарған өкімдерінің тұрақты сапасының сақталуын бұрынғы дәрежеде қалып отырған көрсеткіштер дәлелдей түседі. Бас бостандығынан айырылғандардың саны 5 313-тен 4 861-ге дейін қысқарды», - деп атап өтті А. Қасымов.
Оның айтуынша, қылмыстық тәртіп бұзушылықтарға қолданылатын баламалы жазалардың алдыңғы қатарында бас бостандығын шектеу жазасы тұр. Бірінші жартыжылдықтан мұндай жазаға 4 856 адам кесілген, бұл барлық жазаланушылардың 33 пайызы деген сөз. Ал аса ауыр қылмыс жасаған 841 қылмыскердің барлығы бас бостандығынан айырылған.