2000-НАН АСТАМ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН
Облыс көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, әсіресе көлік құралын масаң күйде басқару деректерін анықтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолын кесу, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмыстарын өз деңгейінде жоғарылату мақсатында облыс көлемінде «Мас жүргізуші-қылмыскер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Іс-шара барысында Қызылорда ОІІД қызметкерлерімен жол қозғалысы ереже талаптарын бұзудың 2171 дерегі анықталды. Оның ішінде, көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалану дерегі бойынша – 439, көлік жүргізушілерінің белгіленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша – 224, көлік құралын масаң күйде басқару дерегі бойынша – 35 құқық бұзушылық анықталды. Орын алған барлық құқық бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік шаралар көрілді.