«ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛМАҚ
«Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында жыл соңына дейін 12 шара ұйымдастырылады. Бұл туралы жобаны жүзеге асыруға белсенді атсалысып жатқан «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілдері брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Олардың айтуынша, шараны халықтық жобаға айналдыру тәсілдері Мәдениет және спорт министрлігімен келісіліп талқылануда. Бұл шараға еліміздегі 900 этномәдени бірлестік қатысады. 6 тамызда жоба аясында медиация орталығының отырысы өтпек.
- Бәріміз бір ұйым ретінде ұйысып, ұжымдасып,бір-бірімізді бауыр ретінде қабылдасақ, сонда ғана біз үлкен отбасы бола аламыз. Үлкен отбасында бәрі бірін-бірі сыйлайды, құрметтейді, - деді ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Ғазиз Телебаев.