"ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ" ИНТЕРНЕТ ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
ҚХА жақында Қазақстан халқының бір-бірімен жақын танысып, білісуіне бағытталған "Қазақстан энциклопедиясы" интернет порталын құруды жоспарлауда, - деп хабарлайды Baq.kz.
Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде "Үлкен ел - Үлкен отбасы" ауқымды жобасының танысытырылымында «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Ғазиз Телебаев айтты.
- Қазақстан дүниежүзінде аумағы бойынша 9 орында. Бірақ біз географиялық тұрғыдан ғана емес, мəн-мағынасы бойынша үлкен ел болуымыз қажет. Біз біртектілік туралы көп айтамыз. Яғни, біз бір үлкен отбасы сынды болуға тиіспіз. Елімізде тұратын барлық халықтың ұйысып, ұжымдасып, бір-бірімізді бауыр ретінде қабылдауымыз қажет. Сонда біз үлкен отбасы бола аламыз. Бір отбасының адамдары бір-бірін таниды, бір-біріне сыйластықпен қарап, құрметтейді, бір-бірін бауыр ретінде қабылдайды. Елбасының нақты қадамдарында "Аймақтық мәдени-туристік кластерлерді құру" туралы айтылды. Олар "Астана - Еуразия жүрегі", "Алматы - Қазақстанның еркін аймағы", "Табиғат бірлігі жəне көшпелі мəдениеттер", "Алтай маржаны", "Жібек жолын жаңғырту" жəне "Каспий қақпасы". Бұл кластерлер халық бір-бірімен араласып, бір-бірін танып, барып, жат болмай бір-бірін білуі үшін қажет. Сонда біз үлкен отбасы бола аламыз, - деді Ғазиз Тұрысбекұлы.
Сонымен қатар, осы бағытта "Қазақстанның энциклопедиясы" интернет порталын құру жоспарланып жатқандығына тоқталған ол:
- Бұл да сол бағытқа арналған жоба. Бір-бірімізбен ақпарат алмасу үшін біз үлкен портал құруымыз қажет, - деп атап өтті.