«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫНЫҢ 3 КҮНІНДЕ 308 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың шілде айының 28-30 күндері аралығында республика көлемінде «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері арасында көліктік тәртіпті арттыру.
Іс-шара аясында облыс көлемінде көлік жолдарында көші-қон және көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз көшіп-қонушылар мен заңсыз тасымалдаушыларды, әсіресе шетелдік азаматтарды тасымалдайтын автобустар мен шетелдік тіркеулерді анықтау бойынша тексерістер жүргізілді. Сонымен қатар, Көліктік бақылау басқармасы, Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің қатарынан мобильді топтар жасақталып, көліктің жасырын бағыттарын анықтау (бағдарларда, соңғы аялдамаларда, белгіленбеген тұрақтарда), бұл ретте алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау жоспарланған болатын.
Жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған 308 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалану дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 591-бабы) – 67, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару (ӘҚБтК-нің 590-бабы, 7-бөлігі) дерегі бойынша – 4 заң бұзушылықтар орын алған. Аталған құқық бұзушылықтарға орын берген қоғамдық көлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, 11 автобус айып алаңына жеткізілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі