БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСЫ 27 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ
Биылғы жылдың 6 айында жасөспірімдер қылмысы 27 пайызға азайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Қазақстан ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Әсет Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Соңғы 10 жылда жасөспірімдер қылмысының деңгейі тұрақты түрде 6 пайызға азайып келеді. 2004 жылы ол көрсеткіш 6 529 болса, 2014 жылы 3 561-ге төмендеген. Ал биылғы жылдың 6 айы бойынша қылмыстың азаюы 27 пайызды құрап отыр», - деді Әсет Оспанов. Оның айтуынша, сонымен қатар жасөспірімдер жасайтын ауыр және аса ауыр қылмыстар саны да едәуір азайған. Оның ішінде бүгінгі күні кісі өлтіру бес есеге, қарақшылық шабуыл төрт есеге, денсаулыққа ауыр зиян келтіру үш есеге және зорлық-зомбылық екі есеге төмендеген.