ЕСІРТКІМЕН ЕМДЕУ АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМАҒА АЙНАЛАДЫ
Қазақстанда нашақорларды есірткімен емдеу – республикалық бағдарламаға айналуы ықтимал. Бұл туралы кеше Нашақорлықтың медицина-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Алтынай Есқалиева хабарлады.
Бұл амалсыздықтан туған шара болуы да мүмкін. Өйткені әлемде «метадонмен емдеуге» қарсылар қатары басым, көптеген елдерде, көрші Ресейде де оған тыйым салынған. «Ол маскүнемді сыра ішуге көшіргенмен бірдей, яғни пайдасы жоқ: қызуы төмен болса да, ішімдіктен аузы құрғамаған ішкіштің қайтадан арағына көшіп алмасына кепіл жоқ!» дейді сарапшылар. Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ақпарат құралдары, яғни қоғамдастық алдында есеп беруге ел арасында көп сыналатын мекемелердің басшылары ша¬қырылды: «Салауатты өмір салтын қалыптастыру пробле¬малары ұлттық орталығының» және нашақорлықтың алдын алуға жауапты орталықтың директорлары жауап берді.
Бұлардың немен айналысып жатқандығы белгісіз. Білгісі келген, қайта-қайта нақтылай сұрастырған журналистер жөнді, көңіл қанағаттандыратын жауап ала алмады. Қайта бұл қызметтерді «көрсеткіштерді қолдан көркейту кесапаты жайлаған ба?» деген ой қалды. Себебі олардың ресми статистикасына сенсек, наша¬қорлар саны азайып, ерте жастан есірткіге елтіген балалардың ор¬таша жасы 7-9-дан 13-17-ге дейін шегініпті. 353 кәмелетке жасы толмағандар ғана нашақорлық есепте тұрған көрінеді. Халық пен қоғамдық ұйымдар басқаны айтып, дабыл қағуда.
Белгілі бизнесмен мынадай әңгіме айтады: «Ауқатты досым¬ның баласын бюджеттік орта мектепке бағыттапты. Алайда ол: «онда кілең кедейлер оқиды, солармен қосылып, балам арақ-шарап ішіп, желім иіскеп, бұзы¬лып кетеді» деп, дәулеттілердің перзенттері оқитын, еліміздегі ең бір беделді, ақылы білім ордасына орналастырған екен. Ал ондағы бай балалары оның баласын «героинге отырғызыпты!» Осын¬дай әңгімелер елдің үрейін ұшырады. Халықтың көңілін басу үшін нашақорлықтың алдын алуға жауапты құрылымдар не істеуде?
«Әрбір емханада нашақорлық профилактикасы кабинеті болсын!» дейді СӨС орталығының басшысы Ж.Баттақова. Емха¬наларда халық ең көп зәру дәрі¬герлер тапшы болып жатқанда, оларға мыңдаған нарколог ма¬манды қайдан табады? Орталық 1 қыркүйектен бастап, мектептерде арнайы сабақтар өткізбек ниетте.
Айтқандай, героин секілді ауыр есірткіге байланғандарды сәл жеңілдеу «метадонға» көшіру бағдарламасы әзірге елімізде шетелдік ұйымның қаржысына жүзеге асырылып жатқан көрі¬неді.
– Қазіргі кезде алмастырушы-қолдаушы терапия Қазақстанда Жаһандық қордың грантты аясында жүргізілуде, – деді Нашақорлықтың медицина-әлеуметтік проблемалары орта¬лығының директоры Алтынай Есқалиева. – Біздің еліміз бұл терапия түріне өте байсалды келіп отыр. Екі эксперттік бағалау жүргізілді. Соңғысын 2012 жылы АҚШ-тың Колумбия универ¬ситетінің сарапшылары өткізді. Ол осы бағдарламаны Қазақстанда жүзеге асырудың оң нәтижелерін көрсетті. Осылайша, келешекте, 2016 жылға қарай елімізде бұл – мемлекеттік сипаттағы бағдар¬ламаға айналады деп ойлаймыз.
Оның айтуынша, есірткіні егу арқылы пайдаланатын, «ВИЧ» жұқтырған нашақорларды «ме¬тадонмен» емдеу қарасты¬ры¬лып¬ты. Бұл атын естісе адам жаны тітіркенетін жаман ауруға душар болғандардың шприц арқылы вирусты басқа нашақорларға таратпауы үшін қажет екен. «Сон¬дықтан Қазақстанның пси¬хотроптық-есірткі заттары туралы заңнамасы бүгінде метадонды «дәрілік есірткі құралы» түрінде квота бойынша елімізге сырттан әкелуге мүмкіндік береді. Ол квота осы терапияны қолданатын сырқаттардың санына қарай анықталады. Яғни препараттың қатаң бақыланатын саны бір рет республикаға енгізіледі» деді А.Есқалиева.
Журналистер одан егер «мета¬дондық» бағдарлама мемлекеттік дәрежеге қол жеткізсе, нашақор¬ларды есірткімен емдеуге қанша бюджет қаржысы шығындала-тындығын сұрады. «Қазіргі кезде есірткіге тәуелді адамды осы алмастырушы-қолдаушы тера¬пияда 1 тәулік бойы ұстау 1 доллар тұрады. Яғни, метадонның 1 дозасы – 183 теңге. Ай бойы олар¬дың әрқайсысына мемлекеттің препарат сатып алуына 6 мың теңгеден астам сома керек. Ал нашақорлар тұтынатын есірткінің бір дозасы 2,5-3 мың теңгеге барады. Оларды наркологиялық орталықтарда дәстүрлі емдеу құны ай сайын 100 мың теңгеге түседі» деді ол.
Әрине, жеңіл болса да, есірткі түрін тегін беретін жерге наша¬қорлар өздері-ақ келсе керек. Дегенмен мемлекеттік ұйым жетекшісі олардың күн сайынғы сапарына қатаң бақылау бола¬тындығын нықтайды: «Наркотик¬ке тәуелді сырқаттар нарколог¬тың назарында болуға, нарколо¬гиялық есепте тұруға тиісті. Ме¬тадондық терапияға қол жет-кізу үшін олар соған дейін басқа наркологиялық ұйымдарда бір¬неше рет емделу талаптарын жасаған болуы қажет. Яғни, бұл емдеуге ілігетіндерді іріктеу бойынша дәрігерлер қолында нақты критерийлер бар. Алмас¬тырушы терапия нашақорды күн сайын, белгілі бір уақытта мета¬дондық терапиядан өтуге мін¬деттейді. Наркологтар оның басқа есірткі түрлерін пай¬да¬ланған-пайдаланбағандығын бақылайды, тестілеуден өткізеді. Оның жұ¬мысқа орналасуы, қоғамға кірігуі қадағаланады».
Егер өзге есірткіні қолданып жүргендігі анықталса, бағдарла¬мадан шығарып тасталуы мүмкін екен.
Орталық басшысы арақтан, тұрмыстық химиядан және дәрі-дәрмектерден жасалатын аралас психоактивтік заттардың кең та¬нымалдылыққа ие бола бастауы¬ның себебін «Қазақстанда есірткі түрлерін сатып алу мүмкіндігінің шектелуінен» көріп отыр.
«Есірткінің ең арзан түрі – «спайстар» жастар, оқушылар арасында, Интернет арқылы кең таралуда. Тіпті сағыз түрінде де сатады. Күрес қалай жүруде?» деп сұрады журналистер. «Денсаулық сақтау министрлігі спайстарға қазір тыйым салған» деп жауап қатты Орталық директоры. «Мек¬тептерде сатылмауын қалай бақы¬лайсыздар?» деген сұрақ түсті. Ол мұның «ішкі істер ми¬нистрлігінің, құзырлы ведомство¬ның ісі» екен-дігін айтып, сыр¬ғытты. «Спайс бойынша жеке статистиканың жоқтығын» нық¬тады.
Ал насыбай бойынша «оның есірткі қатарына жататын-жат¬пайтындығына қатысты зерт¬теу» жүргізілмепті. «Насыбайға са¬лынып, денсаулығына нұқсан келген сырқаттар алдымызға келген жоқ» деді «Нашақор¬лық¬тың медицина-әлеуметтік проб¬лемалары республикалық ғы¬лыми-тәжірибелік орталы¬ғының» басшысы.
«Айқын» газеті