ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІ: АЗАЙДЫ МА, ӘЛДЕ...?
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізетін басым бағытты жұмыстардың бірі – заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимылмен байланысты.
Жыл басынан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша 24 сотқа дейінгі өндіріс басталған болатын. Оның ішінде басым бөлігі – компьютер техникасын пайдалану жолымен «онлайн-казино» ұйымдастырумен байланысты болса, сонымен қатар автоматтандырылған лотерея терминалдары түрімен ақшалай сыйақы берілетін аппараттық-бағдарламалық кешендер және букмекерлік кеңселерге қатыстысы да бар.
18 қылмыстық істің өндірісі аяқталып, сотқа жолданған, 4-еуі бойынша сот шешімі шықты.
Заңсыз ойын бағытындағы 47 компьютер процессоры, 47 лотерея терминалы, 564 мың теңге ойыннан түскен ақша айналымнан алынды. Кінәлі деп танылған адамдардың 276,9 мың теңге және 1,5 мың АҚШ долл. көлеміндегі ақшалай қаражатын пайдалануға шектеу қойылды.
Өз учаскесінде «онлайн-казино» ұйымдастыруға жол бергені анықталған бірнеше әкімшілік полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, Экономикалық тергеу қызметі ғимаратын жалға берушілермен жұмыс жасауда. Оларға ғимараттарын ақша табу жолындағы «онлайн-ойындар» ұйымдастыру мақсатында жалға берген жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы хабарлама қағазы дайындалып, қаладағы ірі Сауда орталықтары мен көтерме сауда базарлар иелеріне табысталды. Бұл шаралар алдағы уақытта белгіленген тізім негізінде жалға берген ғимараттардағы заңсыз онлайн-казино ұйымдастыру фактілері бойынша меншік иелерін жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Жедел іздестіру шаралары негізінде лотерея терминалдарын қою түріндегі заңсыз ойындарды ұйымдастыруға қатысты тұлғалар анықталды. Олардың бірқатары өз еркімен лотерея терминалдарын қайтарған, бірқатары тәркіленген. Қазіргі кезде сот компьютерлік-техникалық сараптамалар және аппараттық-бағдарламалық тексерулер жүргізіліп, оларды орналастырған, инкассация жасаған, және қызметін жүргізген тұлғаларға қатысты қажетті тергеу шаралары жүргізілді.
Бахыт ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің
бас маманы