ҚАЗАҚСТАНДА ЖАНҒА ЖАЙЛЫ КІТАПХАНАЛАР АШЫЛАДЫ
Қазақстандықтар үшін басты қазына жанға жайлы кітапханалар болып отыр. Заманауи кітап үйінде оқырман билетінен бастап, ғаламторға қосылу, библиографиялық қызметті пайдалану мен шетел кітапханалардың қорын қолдану ақысыз жүргізілмек, деп хабарлайды 24.кз.
Бұдан бөлек күн ұзақ көз майын тауысып отыратындар үшін бел жазып демалатын арнайы орындар қарастырылады. Бұл туралы ұлттық кітапхана директоры Әлібек Асқаров хабарлады. Айтуынша, бұл – оқырманды кітапханаға тартудың тиімді жолы. Өйткені технологияның дамыған тұсында кітапқа деген қызығушылық күрт төмендеген.
Статистикаға сүйенсек, кітапханаға негізінен студенттер келеді екен, бұл 77%-ды құрап отыр. Ал ғалымдардың үлесі 12,5 болса, кітапқа құмар мемлекеттік қызметкерлер небәрі 5,5%-ды құрап отыр.