ҚЫЗЫЛОРДАДА АСЫҚ-PARTY СПОРТТЫҚ ОЙЫНЫ ТАНЫМАЛДЫЛЫҚҚА ИЕ БОЛЫП ОТЫР
Қызылордада асық- party жастар арасында танымалдылыққа ие болып отыр. Қызылордалықтар арасында кештер жиі ұйымдастырылып, барлығы асық ойнауды әдетке айналдырған. Одан бөлек әрбір сенбі күндері асык-party ұйымдастыру да жастар арасында дәстүрге айналған. Себебі асық жас талғамайды. Оның ішінде қыздар да асық ойнауға қызығушылық танытуда. Еліміздің «Асық ату» Ұлттық федерациясының жетекшісі де қызылордалық Мұрат Әбенов.
- Қызылордада алғаш асық-party ұйымдастырғанымызда небәрі он адам қатысқан болатын, - деді қалалық ойындардың ұйымдастырушысы Фархад Әбжаппаров. – Бірақ біздің орталық алаңда ұйымдастырған бұл ойынымыз қала тұрғындарының қызығушылығын арттыра түсті. Енді бүгінде кешкі уақытты қызылордалықтар осындай ойындармен өткізуді қалайды. Сондықтан болар дәстүрге айналып кеткен асық атудан өтетін әуесқой турнирі әр сенбі сайын өткізіп тұруды жоспарлап отыр. Қатысамын деушілерге кіру тегін.
Фархад Әбжаппаровтың мәлімдеуінше, асық табу қиындықтар туғызған. Себебі қазір кез келген отбасында асық бола бермейді. Тек ауылдық жерлерден табуға болады. «Бұл мәселені шешудің жолдары бар, әрине», - деді Фархад. – «Себебі етті бәрі жақсы көреді».
Шынар БЕКБАН