МАҚСАТ – БАСҚАРУ САПАСЫН АРТТЫРУ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР Президенті жанындағы Мммлекеттік басқару Академиясының «мемлекеттік қызметтегі басқару жүйесінің тиімділігін арттыру» бағдарламасы бойынша семинар-тренинг өтті.
Департаменттің құрылым басшылары екі күн бойы Академияның професссоры, психология ғылымдарының докторы Ләйлә Өмірзаққызы Асылбекованың қазіргі заманғы психометрия талаптарына арналған қызықты сабақтарына қатысты. Оқу барысында тұлғалардың қарым-қатынас психологиясы, басым мақсаттарға жету жолындағы басқару жүйесін жетілдіру, тиімді басқарудың әдістері мен тәсілдері сияқты бағыттар бойынша дәрістер берілді.
Тренинг дәріс түрінде ғана емес, түрлі оқиғалар мен ойындарға құрылған жұмыс сәттері болып өріліп отырды. Қатысушылар өздерін әртүрлі ролде байқап көріп, өз құзыреттілігі мен интеллект деңгейін анықтайтын тест-сынақтарды да тапсырды.
Департаменттің басқарма және бекет басшылары командамен жұмысты ұйымдастыру және оны басқару туралы қызықты әрі пайдалы тәсілдерді меңгеріп, біліктілігін байытты.
Бахыт ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы